Мұнай және әлемдік мұнай индустриясы туралы қазақстандық кітап жарық көрді

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібінің 110 жылдығын тойлау қарсаңында Равиль Шырдабаевтің «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітабы жарыққа шықты. Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автормен жазылған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады,
None
None

деп хабарлайды кітапты шығарушылар.

Қазіргі заманда мұнайдың рөлін асыра бағалау мүмкін емес - әлемдік экономика және саясат «қара алтынға» тікелей тәуелді. Америка зерттеушісі Дэниэл Йергин біздің өркениетті «көмірсутекті» деп атаған еді. Оған қоса мұнай біздің еліміздің маңызды табиғи ресурсы болып табылады. Равиль Шырдабаев өз кітабында мұнай тарихына кеңінен тоқталады, кітапта мұнайдың туындау теориясы, ежелгі заманда оны өндіру туралы деректер, мұнай сөзінің этимологиясынан Қазақстанның мұнай өнеркәсібі туралы толық мағлұматтар берілген. Бейнелі және түсінікті тілмен жазылған кітап мұнаймен кәсіби айналысатын мамандар үшін, сонымен қатар мұнай туралы көп мағлұмат алғысы келетін оқырмандар үшін баға жетпес көмекші болатыны сөзсіз.

«Біз көмірсутек энергетикасы дәуірінде өмір сүреміз және оның лайықты өкілдері болу үшін оның бастамасы қай жақтан шығып жатқанын, мұнайды неліктен «қара алтын» және «қазіргі заманның қаны» деп атайтынын білген жөн» -  осылайша автор осы кітапты жазуға түрткі болған себептерді атап өтеді. Бұл кітапты жазу бірнеше жылдарға созылды және оған берілген алғашқы пікірлер «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» кітабы назар аударуға тұрарлық еңбек екенін көрсетіп отыр.  «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» толық аяқталған ғылыми зерттеу жұмысын танытады және осы проблемаға арналған үздік әлемдік басылымдардың арасында сөзсіз өзінің лайықты орнын табады»,  - деп Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі  Виктор Черномырдын осы кітап туралы өз ойын  білдіреді.

Қыркүйектің 4-де Атырау қаласы,Сәтбаев көшесі,3 мекен-жайындағы "Теңізшевройлдың" Үлкен  конференц-залында «Мұнай: кеше,бүгін,ертең» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтеді.

 Автор туралы: Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының, Халықаралық инженерлік академияның және Еуразия экономикалық академиясының академигі. Мұнай әулетінен шыққан, осы әулет өкілдерінің Қазақстанның мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 1000 жылдан астам. Әр түрлі уақытта Украинада және Молдовада елші болған, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы болып қызмет атқарған, тәуелсіз Қазақстанның  мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі болған.

Соңғы жаңалықтар