Мұнай және газ министрі: Қазақстан жанармай бағасын жасанды жолмен ұстап тұра алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жанармай бағасын жасанды жолмен ұстап тұра алмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

Мұнай және газ министрі: Қазақстан жанармай бағасын жасанды жолмен ұстап тұра алмайды

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда өзі шекараласатын Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға қарағанда бензин бағасы біршама төмен.

«Еуропа елдерімен салыстырсақ та бізде бензин бағасы төмен, былайша айтқанда біз жанармай ең арзан елдердің бірі болып отырмыз. Дегенмен, нақты экономикалық жағдайды есепке алмай болмайды. Сондықтан да айналамызда орын алып жатқанға мән бермей отыра алмаймыз. Жаһандық экономиканың бір бөлшегіне айналған Қазақстан жанар-жағармайдың жасанды бағасын қолмен ұстап тұра алмайтынын айтқым келеді», - деді Ұзақбай Қарабалин.