Мұнай және газ министрлігі егін орағына арналған дизель отынын жөнелтуді жылдамдатуы қажет - АШМ

Оның айтуынша, бүгінде егін орағы науқанын өткізуге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді 408 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Аталған дизель отыны жеңілдікті бағамен сатылады, яғни литріне 62 теңгеден аспайды. «Қазіргі кезде келісімдерді бекіту мен қаржысы төленген дизель отынын жөнелту жұмыстары жүріп жатыр»,- деді жауапты хатшы.
«Бүгінде барша қажеттілік деңгейінен ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілерінің дизель отынымен қамтамасыз етілуі көлемі 47 пайызды құрайды. Бұрынғы мерзімге қарағанда биылғы жылы егін орағы ерте басталғанын ескере отырып, Мұнай және газ министрлігі белгіленген дизель отынын жөнелтуді жылдамдатып, облыстарға қыркүйектегі жанармай көлемін тамызда алуға мүмкіндік беруі қажет», - деді Е. Аман.