Мұнай және қымбат металлдар бағамдарының арзандауына байланысты кейбір бюджеттік болжамдарды қайта қарастырамыз? К.Мәсімов

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы тоқсанның қорытындысына қарай, біз кейбір бюджеттік болжамдарды Парламент Мәжілісінде қайта қарастырмақпыз.
None
None
Бұған бүгінгі мұнай және қымбат металлдар бағамдарының арзандауы себеп болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осыған қарамастан, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қарастырылған қаржылық ресурстар қайта қаралмауы тиіс. Бүгінде ел халқының 47 пайызы ауылды жерде тұрады. Сондықтан бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау қажет. Бәлкім, кейбір жобалар бойынша қысқартулар болуы мүмкін», - деді Премьер-Министр. Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті тапсырма берді. Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа қабылданған республикалық бюджетте 2010 жылға дейін әр жылға 120 млрд. теңге қарастырылған. «Оған қоса 120 млрд. теңге еліміздің ауыл шаруашылығы саласында қалыптасқан мәселелі жағдайларды шешу мақсатында «ҚазАгро» ұлттық холдингіне қайтарымсыз негізде бөлініп отыр», - деді К.Мәсімов.Сондай-ақ К.Мәсімов Үкіметтің биылғы басты міндеті ? жұмыссыздық жағдайын ауыл шаруашылығы саласында да болдырмауды тағы бір мәрте еске салды.
Соңғы жаңалықтар