Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы радикалды діни ағымдардың қызметін қаржыландыру көзі болып отыр

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы радикалды діни ағымдардың қызметін қаржыландыру көзі болып отыр.

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы радикалды діни ағымдардың қызметін қаржыландыру көзі болып отыр

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу департаментінің бастығы Жанат Еліманов мәлім етті.

«Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы елдің көлеңкелі экономикасы ауқымына әсер етеді әрі ұйымдасқан қылмыстық топтардың, оның ішінде радикалды діни ағымдардың қызметін қаржыландыру көзі болып табылады», - деді ол жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, мұнайдың көлеңкелі айналым көлемі шамамен жылына 200-300 мың тоннаны құрайды.