Мұнай жарылысынан балалар опат болды - Ресей

АСТАНА. Қазанның  23-і. ҚазАқпарат -   Ресейдің Екатеринбор қаласына  жақын   жерде   қайғылы оқиға орын алды.   Мұнай  құйылған  цистерна жарылып,  үш  бала   опат   болды.   

Мұнай жарылысынан    балалар опат  болды - Ресей

Төтенше жағдай   Туринская Слобода  кентіндегі  қазандықта  болған. Жарылыстың  қуатты болғаны соншалық,   цистернадан  түк  қалмаған, деп хабарлады  Свердлов  облысының  Ішкі істер бас басқармасынан.

 Балалар    газ  айдайтын    құбырлардың   маңында    сіріңкемен  ойнап  жүрсе керек, дейді     ондағылар.     Соның  нәтижесінде    ауа-газ қоспасы жарылған.  Оқиғаның  мән-жайы әлі    анықталуда,  деп  хабарлайды  «Эхо  Москвы» радиостансысы.