Мұнайдың АҚШ-тағы қоры туралы мәліметтер шыққан соң, оның бағасы өсе бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық мұнай институты (API) АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәліметтерді жариялаған соң мұнай бағасы өсе бастады.
Қараша фьючерстерінің Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,30% - 47,24 долларға дейін, қазан фьючерстерінің WTI маркалы мұнай баррелінің құны - 0,49%, 45,12 долларға дейін өсті, деп жазды РИА Новости.
API мәліметтері бойынша, елдегі мұнай қоры өткен аптада 1,4 миллион баррельге өсті, бұл сарапшылар болжамынан едәуір жоғары болды. Енді инвесторлар елдің энергетика министрлігінен қорлар туралы ресми статистиканы күтуде. Сарапшылардың болжамы бойынша, 9 қыркүйекке дейін бір аптада қор 3,8 миллион баррельге, 515,2 миллион баррельге дейін көтерілді.
Өткен аптада АҚШ коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 2 қыркүйекке дейін бір аптада күтпеген жерден 14,5 миллион баррельге, 511,4 миллион баррельге дейін қысқарғанын хабарлаған болатын.