Мұнайдың әлемдік бағаcы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнайдың әлемдік бағаcы көтерілді

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,32 долларға көтеріліп, 61,51 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,56 долларға өсіп, 53,69 долларды құрады.

Автор: Асхат Ахметбеков