20:22, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағалары АҚШ-тағы қорлардың мәліметтерімен өсіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауда мәліметтері куәландырып отырғандай, әлемдік мұнай бағалары АҚШ-тағы «қара алтын» қорлары туралы хабарламалар негізінде оң серпін көрсетіп отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,73 пайызға өсіп, бір баррель үшін 49,16 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,39 пайызға өсіп, бір баррель үшін 46,24 долларға дейінгі бағаны көрсетті.
«Қазан айының соңында мұнайдың бағасы әлсіреу белгілерін көрсетпей тұр. АҚШ-тағы қорлар өсуін жалғастырды. АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметтері қорлардың бес жылғы орташа маусымдық мәнінен 100 миллион баррель жоғары болып қалып отырғанын көрсетіп отыр», - деп жазады IG Markets стратегі Бернард Аудың (Bernard Aw) сөздерін Франс Пресс агенттігі.