Мұнайдың әлемдік бағалары қайтадан өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында мұнайдың әлемдік бағалары қайтадан өсті, бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru.
Нью-Йорк тауарлы биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айына фьючерстері 6,07%-ға артып, баррелі 39,52 баррельге дейін өсті.
Лондон биржасында (ICE Futures) маусым айына Brent мұнайының фьючерстері 5,91%-ға өсіп, баррелі 41,76 долларға жетті.