Мұнайдың әлемдік бағалары көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 26 қараша күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың әлемдік бағалары көтерілді

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,22 долларға жоғарылап, 60,41 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,21 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 51,63 доллар болды.