Мұнайдың әлемдік бағалары өсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы және Нью-Йорктегі биржалардағы электрондық сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru.

Мұнайдың әлемдік бағалары өсуде

Нью-Йорк тауарлы биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың маусымға фьючерстері 1,59 пайызға артып, баррелі 49,48 долларға жетті.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының жеткізілімдері 0,84 пайызға көтеріліп, 49,38 доллар болды.