Мұнайдың әлемдік бағалары төмендеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеуде, мұны сауда-саттық мәліметтері айғақтайды, деп хабарлады Gazeta.ru.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайға мамыр фьючерстері 4,02%-ға төмендеп, баррелі 36,80 доллар болды.
Лондоннның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына жеткізілімдері фьючерстері 3,99%-ға құлдырап, баррелі 38,72 долларға дейін төмендеді.