Мұнайдың әлемдік бағасы 3 доллардан астам төмендеді

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Жетекші әлемдік биржалардағы сауда қорытындылары бойынша мұна бағасы едәуір арзандады, деп хабарлады РБК агенттігі.
None
None

Ньюй-Йоркте техастық Light Sweet мұнайы 3 доллар 77 центке арзандап, баррелі 98 доллар 82 цент межесіне жетті.

Лондонда солтүстіктеңіздік Brent мұнайының баррелі 3 доллар 66 центке төмендеп, 108 доллар 22 цент болды.

Сарапшылар АҚШ-тағы саудаға қатысты мұнай бағасының арзандауын «қара алтынның» биржалық алыпсатарлық саудасымен байланыстырады. Екінші себеп - еуроаймақтағы жалғасып отырған проблемалар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар