Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,96 долларға артып, 71,95 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,24 долларға жоғарылап, бір баррелі 62,02 доллар болды.

Авторы Асхат Ахметбеков