Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан төмендеді
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, тамыздың 11-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді,
деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында -IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,04 долларға арзандап, 72,46 доллар/баррельді құраса;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 1,15 долларға арзандап, 69,45 доллар/баррельге түсті.