Мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым көтерілді

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Кеше, маусымның 1-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша, жетекші мұнай биржаларында мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы анағұрлым көтеріліп отыр,

Мұнайдың әлемдік бағасы  анағұрлым көтерілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE e-Brent Crude Futures Electronic - 2,45 долларға қымбаттап, 67,97 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil - 2,27 долларға көтеріліп, 68,58 доллар/баррельді құраған.