Мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді

АСТАНА.  Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат -   Жетекші мұнай биржаларында  кеше, тамыздың 4-інде өткен  сауда  қорытындысы  бойынша  мұнайдың әлемдік   бағасы   әр бағытта өзгерді, 

Мұнайдың әлемдік бағасы  әр бағытта     өзгерді

деп хабарлайды   ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Алдағы айда  жеткізілетін мұнай фьючерстрінің  ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,73  долларға қымбаттап, 74,28  доллар/баррельді құраса, Нью-Йорке биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін  - 0,16  долларға    арзандап, 71,42  доллар/баррелді құрады.