Мұнайдың әлемдік бағасы әрі қарай арзандауда
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 14-індегі сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» әлемдік нарықтағы бағамы тағы да арзандады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,49 долларға арзандап, 77,82 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,26 долларға төмендеп, 79,39 доллар/баррельді құрады.