14:02, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні әлемдік рыноктарда мұнай бағасы тағы құлдырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың ақпан айына жасалған фьючерстерінің құны 1,88 долларға арзандап, 35,40 доллар/баррельге дейін түсті. Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ үкіметінің елдегі шикізат қоры артып, бұл мұнай мен отынға деген сұраныстың азаюына себеп болғаны туралы кеше жария еткен баяндамасы негіз болып отыр. Ал Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстік бағасы 0,39 долларға төмендеп, 44,69 доллар/баррель болды.