Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

АНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Энергетика министрлігінің өткен аптада елдегі шикізат қорының өскені туралы мәлімдемесінен кейін және Қытай Халық Республикасының ақша саясатын қатайту ықтималдығы туралы әңгімелерге байланысты, бейсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнайдың бағасы біршама төмендеді.

Мұнайдың әлемдік бағасы    арзандады

Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, Лондон биржасында сауда қорытындысы бойынша, Brent Crude Oil маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 1,58 доллардан арзандап, 96,58 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың наурыз айына жасалған фьючерстерінің бағасы 2 долларға төмендеп, 898,86 доллар/баррелді құраған.

Сарапшылардың мәлім етуінше, өткен аптада АҚШ-тың мұнай қоры 2,6 миллион баррельге өскен.