Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,06 долларға арзандап, барреліне 71,65 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,89 долларға төмендеп, 62,21 долларға жетті.