Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 2-сінде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді.

Мұнайдың әлемдік бағасы    едәуір   көтерілді

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 2,95 долларға қымбаттап, 76,06 доллар/баррельді, ал Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 2,80 долларға көтеріліп, 77,23 доллар/баррельді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.