Мұнайдың әлемдік бағасы едеуір көтерілді
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында, дүйсенбі, қарашаның 16-да өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы едәуір қымбаттады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 2,45 долларға қымбаттап, 78,76 доллар/баррельді құраса;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 2,55 долларға қымбаттап, 78,9 доллар/баррельге жетті.