Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтеріле бастады
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат -Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 1-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 1,65 долларға қымбаттап, 73,11доллар/баррельді, ал Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,54 долларға қымбаттап, 74,43 доллар/баррельді құрады.