Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА.  Шілденің  16-сы.  ҚазАқпарат -   Жетекші мұнай   биржаларында   шілденің 15-інде    болған  сауданың  қорытындысы  бойынша мұнайдың әлемдік  нарықтағы бағасы   көтерілді. 

Мұнайдың әлемдік  бағасы  көтерілді

Сарапшылардың  айтуынша,   оған  тоқсандық  корпоративтік  есеп-қисаптың  оң қалыптасуы  мен      АҚШ-та     шикізат қоры көлемінің  азаюы  туралы   ақпарат    себеп   болып  отыр.

Сонымен, алдағы айдағы   мұнай  фьючерстерінің  ресми бағасы:    IPE Brent Crude маркалы мұнай  үшін - 2,23 долларға көтеріліп, 63,09 доллар/баррельды құраса,   Нью-Йорк  биржасында   - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 2,02  долларға көтеріліп,   61,54 доллар/баррельге жетіп отыр.