Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Наурыздың 8-індегі сауданың қорытындысы бойынша, жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» әлемдік бағасы көтерілді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы төмендегідей:
- Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бағасы 0,58 долларға қымбаттап, 80,47 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 0,37 долларға қымбаттап, 81,87 доллар/баррельді құрады.