Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,28 долларға қымбаттап, бір баррелі 66,72 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 0,2 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,84 доллар болды.