Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Қытайдың энерготасымалдағыштар импортын арттыруы туралы болжамға байланысты дүйсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнайдың бағасы қайта көтеріле бастады,

Мұнайдың әлемдік  бағасы көтеріле бастады

деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 0,16 долларға қымбаттап, 77,27 доллар/баррельге дейін жетті.

Ал Нью-Йорк биржасы дүйсенбі күні ұлттық мереке - Мартин Лютер Кингтің күніне байланысты жабық болды. Нью-Йоркте электрондық саудада Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 0,25 долларға қымбаттап, 78,25 доллар/баррельге жетті.