Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, бұған сауда мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Gazeta.ru.
WTI маркалы мұнай Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) 1,20%, өсіп, баррелі 43,70 долларға жетті.
Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай 1,21% артып, баррелі 45, 07 долларға көтерілді.