Мұнайдың әлемдік бағасы құбылды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - 30 қарашадағы сауданың қорытындысымен әлемдік биржаларда мұнайдың ресми бағасы құбылды, деп хабарлады РБК агенттігі.
None
None

Лондондағы электрондық тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,30 долларға төмендеп, баррелі 110,52 долларға болды.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,57 долларға көтеріліп, баррелі 100,36 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар