09:13, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктың шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы құлдырай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда қорытындысы бойынша, Brent маркілі мұнай фьючерстерінің бағасы қаңтар айындағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,2 долларға түсіп, барреліне 63,49 долларды құрады.
Ал, WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны желтоқсандағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,39 долларға түсіп, баррелі 56,81 долларға бағаланды.