Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, шілденің 30-ында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы біршама қымбаттады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- - Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 3,58 долларға қымбаттап, 70,11 доллар/баррельге жетсе;
- - Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 3,59 долларға қымбаттап, 66,94 доллар/баррельді құрады.