Мұнайдың әлемдік бағасы өсе түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк тауар биржаларындағы электронды сауда кезінде мүнайдың әлемдік бағасы өсе түсуде, бұны сауда барысындағы мәліметтер дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Мұнайдың әлемдік бағасы өсе түсті

WTI маркілі мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) барреліне 0,81%-ке өсіп, $49,56 долларға дейін көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнай құны қыркүйек айындағы жеткізілім бойынша 1,00%-ке артып, барреліне $52,30 құрады.