Мұнайдың әлемдік бағасы шамалы төмендеді
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Наурыздың 19-ында болған сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» бағасы шамалы төмендеді,
деп хабарлады РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы төмендегідей:
- Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бағасы 1,60 долларға арзандап, 79,88 доллар/баррелді құраса;
- Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,52 долларға арзандап, 80,68 доллар/баррелді құрады.