Мұнайдың әлемдік бағасы тағы да көтерілді
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы наурыздың 23-індегі сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында мұнайдың әлемдік бағасы тағы да көтерілді.
Алдағы айларға мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондонда IPE Brent Crude мұнайы - 80,70 (+0,16) долл./барр.; Нью-Йоркте Light, Sweet Crude Oil мұнайы 81,91(+0,31) долл./барр. Болды, деп хабарлады РБК агенттігі.