Мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні әлемдік рыноктарда мұнай бағасы күрт көтерілді.

Мұнайдың әлемдік бағасы тағы   көтерілді
Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңалық ұлттық банк жүйесін оңалту жөніндегі америка үкіметінің жаңа жоспарына байланысты АҚШ-тың сауда алаңдарында қаржы секторының құнды қағаздарының котировкасы күрт өсуінің нәтижесінде орын алып отыр. Атап айтқанда, АҚШ-тың банк секторының бетке ұстар Citigroup және Bank of America банктерінің акциялары дүйсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша сәйкесінше 19,5 және 26 пайызға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Сонымен дүйсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерсінің бағасы 2,25 долларға қымбаттап, 53,47 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерсінің бағасы 1,73 долларға көтеріліп, 53,80 доллар/баррельді құрап отыр.