09:24, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы тағы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі тоқтар емес. Brent маркілі мұнайдың баррелі $47 сәл жоғары бағаланды. Сарапшылардың пікірінше, бұған АҚШ-та мұнай қорының ұлғаюы әсер етті.

Онда соңғы төрт аптада қара алтын қоры 5% өсіп, 477 млн баррельді құрады. Сарапшылардың пайымынша, мұнай қорының нарықта мол болуы кем дегенде 2016 жылдың ортасына дейін сақталады.