Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 10-ындағы сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы тағы да төмендеді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,53 долларға арзандап, 71,86 доллар/баррельді құраса;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,13 долларға төмендеп, 70,54 доллар/баррельді құрады.
Сарапшылар мұнай бағасының 70 доллардан да төмендеуі ықтимал екенін айтып отыр.