Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,29 долларға төмендеп, 53 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,61 долларға арзандап, баррелінің бағасы 44,61 доллар болды.