Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп барады
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ үкіметінің 2010 жылы әлемде энергия тұтынымының өсу қарқынына қатысты жаңа пессимистік болжамына байланысты, желтоқсанның 8-і күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы едәуір төмендеді.
ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстерінің бағасы 1,31 долларға арзандап, 72,62 доллар/баррельді құрады.
Ал Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,24 долларға төмендеп, 75,19 доллар/баррель деңгейінде тұрақтады.