14:08, 30 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада мұнай бағасы төмендеп отыр, бұны осы сауда кезіндегі мәліметтер растады, деп хабарлайды Gazeta.ru.

WTI маркілі жеңіл мұнайдың ақпандағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,57 пайызға арзандап, барреліне $53,75 құрады. Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнай ақпандағы тасымалдар бойынша 0,14% пайызға қасқарып, барреліне $56,14 болды.