Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қымбаттай бастады

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Қазанның 22-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы 1 доллар/баррельден астамға көтерілді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мұнайдың әлемдік  нарықтағы бағасы   қымбаттай бастады

Атап айтқанда, жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы 1,13 долларға қымбаттап, 81,69 доллар/баррелді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы да 1,13 долларға қымбаттап, 82,96 доллар/баррелді шамалаған.

Сарапшылардың пікірінше, қара алтынның қымбаттауына Германиядан жеткен жағымды экономикалық жаңалықтар мен Франциядағы толқулар әсер етіп отыр.