Мұнайдың әлемдің бағасы төмендеді

СТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - 2010 жылғы қазанның 21-індегі сауда қорытындысы бойынша Нюь-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасындағы WTI (Light Sweet) мұнайдың ресми бағасы 1,98 долларға төмендеп, 80,56 долл/баррель құрады, деп хабарлайды РБК.

Мұнайдың әлемдің бағасы төмендеді

IСE (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасындағы Brent мұнайының ресми бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,77 долларға төмендеп, 81,83 долл/баррель болды.

Сарапшылар пікіріне қарағанда, доллардың құнсыздана бастауынан мұнай бағасы да төмендей түскен.

Дегенмен, келесі күні-ақ мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Сауда қозғалысын доллар бағамы мен АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәліметтер реттеп отыр.