Мұнайдың бағасы біршама өсті
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Әлемдік нарықта мұнайдың бағасы сейсенбі, 31 мамырда доллардың әлсіреуі мен еуропалық аймақ билігінің қарыздық дағдарыспен күрес аясында Грекияға қаржылық көмектің жаңа топтамасын мақұлдайды деген инвесторлардың сенім білдіру әсерінен біршама көтерілді,
деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
NYMEХ (New York Merchantile Exchange) Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы америкалық жеңіл мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің құны бір баррель үшін 102,7 долларға дейін 2,11 долларға көтерілді.
Brent Crude Oil маркасы солтүстік теңіз мұнай қоспасына IСE шілдедегі фьючерстің бағасы (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасында сауда қорытындылары бойынша бір баррель үшін 116,73 долларға дейін 2,05 долларға өсті.