Мұнайдың бағасы құлдырап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың бағасы құлдырап кетті

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,07 долларға төмендеп, 50,43 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 3,06 долларға арзандап, баррелінің бағасы 42,53 доллар болды.