Мұнайдың бағасы өсе түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайдың бағасы өсе түсті

Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,93 долларға көтеріліп, бір баррельінің құны 55,08 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,13 долларға көтеріліп, баррелінің бағасы 46,54 доллар болды.