Мұнайдың орташа бағасы 40 доллардан асса, Қазақстан мұнай өндіруді арттыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың орташа бағасы 40 доллардан асса, Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ведомство мұнайдың әлемдік бағасының құбылуына қарай сценарийлер әзірлеген. «Мұнай бағасы төмендеген сайын бізде әсіресе су ортасындағы кен орындарынан мұнай өндіру мүмкіндігі төмендей береді. Сосын мұнай кені азайған орындардан да мұнай алу қысқарады, тереңірек бұрғылар салуға барлау жұмыстары да шегеріле береді, өйткені компанияларда ондай жұмыстарға қаражат азая бастайды. Сондықтан да, бәрі мұнайдың әлемдік бағасына көбірек байланысты. Бюджетте қабылданған көрсеткіштер бойынша мұнайдың орташа әлемдік бағасы 30 долларға белгіленіп, 2016 жылы 74 млн. тонна өндіру бекітілген болатын. Егер мұнайдың орташа бағасы 40 доллардан асса, онда өндіру көлемі де 77 млн. тоннаға дейін артады», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан қазіргі күні мұнай өндіруді біршама төмендетті. «Барлық қалған мемлекеттер де осындай ұстанымда болса, бұл әлемдік конъюнктураға да әсер ететін еді. Онда ұсыныстар сұраныс пен бағаны көмкеріп кетпей, баға теңесер еді. Өйткені, қазір шын мәнінде мұнайдың бағасы көптеген кен орындарында өндірілетін мұнайдың өзіндік құнынан да төменге түсіп кетті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар