Мұнайдың төмен бағасынан танкерлер иелері пайда көреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың төмен бағасынан мұнай танкерлерінің иелері рекордтық кіріс алуда, деп хабарлады РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметтеріне қарағанда, Таяу Шығыс пен Азия арасындағы жолбағытта супертанкерлер иелері күніне 97,5 мың доллар пайда табуда - бұл 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгей.

Financial Times танкер саласының гүлденуі Үндістанға, сондай-ақ өзінің стратегиялық резертерін арттыра түсіп отырған Қытайға арзандаған мұнай жеткізілімінің өсуімен байланыстырады.

Сонымен қатар, басылымның түсіндіруінше, болашақ жеткізілімдерге келісім-шарттардың құны споттық бағалардан асып түсуде. Мұндай жағдай сақтау нарығында аласапыран туғызды: трейдерлер мұнайды танкерлерде сақтау үшін сатып алуда және кейінірек сату кезінде табысқа жетуге үміт етуде.

Мұнайдың әлемдік бағасы өткен жылдың жазынан бері құлдырады. Сарапшылар мұны нарықтағы сұраныстың көптігімен байланыстырады. ОПЕК елдерінің 27 қарашадағы мұнай өндіру квотасын күніне 30 миллион баррель деңгейінде сақтау жөніндегі шешімі бағаның құлдырауын күшейте түсті.

Соңғы жаңалықтар
telegram