Мұнайға әлемдік баға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында жұма күнгі сауда-саттық нәтижесі бойынша мұнайға әлемдік баға төмендеді. Мұндай деректер Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржалары сайттарында таратылды.
Лондонда Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Future-де таяу айдағы мұнай фьючерстерінің орташа жеткізу құны барреліне $45,77(-0,82) құрады.
Light Sweet Crude Oil келісімшартына New York Mercantile Exchange (NYMEX) таяу айдағы мұнай фьючерстерінің орташа жеткізу құны барреліне $43,03 (-0,88) құрады.